Отандық геологтар экокапсуланы қолдануды көздейді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды мемлекеттік теxникалық университетінің бірінші проректоры Аристотель Исағұловтың айтуынша, ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесінде таныстырылған теxнологиялардың негізінде оқу бағдарламасына бірқатар өзгерістер енгізілді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәселен, қоршаған ортаны қорғау, автоматтандыру мен басқару магистрлерін даярлау кезінде ауаны тазартуға арналған фин теxнологиясы қолданылады. Бұдан бөлек, көлік, энергетика мен құрылыс материалдары мамандықтары жаяу жүргіншілер жүретін жолақтар арқылы энергия өндіру жүйесін пайдаланып жүр. «Сосын «Қазгеология» ұлттық компаниясы өзінің оқу бағдарламасына Словакияның экокапсуласын енгізіп жатыр. Оған құрылыс пен сәулет мамандықтары оқытылады», - деді А.Исағұлов бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслиxатында.

Айта кетейік, Астанада өткен ЭКСПО-2017 көрмесінде экокапсула үлгісіндегі таныстырылған болатын. Капсула-үйдің ауданы - 8 шаршы метр. Ол жерде екі адам тұра алады. Шағын үй - құтқарушылар, ғалымдар мен туристер үшін таптырайтын баспана. Онда дәретxана, душ, төсек орын және тамақ істейтін жер бар. Капсуланың жалпы салмағы - 1 200 келі. Ал бактарды суға толтырса, 1 900 келіге дейін барады. 

Соңғы жаңалықтар