Отандық фармацевтикалық зауыт жылына 90 млн құты инъекциялық ерітінді шығарады

АЛМАТЫ.ҚазАқпарат – Алматы облысының, Қарасай ауданында орналасқан фармацевтикалық зауыт жылына 90 млн құты инъекциялық ерітінді шығарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазіргі уақытта еліміздегі фармацевтикалық өнімдердің ірі өндірушісі болып саналатын зауыттың қуаты ішкі нарықты толық көлемде дәрілік өніммен қамтамасыз ету үшін жеткілікті көлемде инъекциялық ерітінділер өндіруге мүмкіндік береді. Өнім өндірудің жылдық көлеміне жүз елуден астам атау енгізілген. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 90 млн құты инъекциялық ерітіндіні құрайды.
Қазіргі уақытта барша әлемді жайлаған дерт жеке қорғану құралдарымен және барлық қажетті дәрі-дәрмектермен жеткілікті қамтамасыз ету үшін жеке ресурстардың болуы қаншалықты маңызды екендігін көрсетті. Отандық фармацевтикалық өндірісті дамытуда мемлекеттің қолдауы және қазақстандық дәрілік заттарды өндірушілермен ұзақ мерзімді шарттар жасасу жөніндегі «СҚ-Фармация» ЖШС жобасын іске асыру шешуші рөл атқарды. Ынтымақтастықтың мұндай түрі отандық өндірушілер өндіретін дәрілік заттар номенклатурасының тізімін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Бүгінде кәсіпорында 420 адам еңбек етеді. Зауыт қызметкерлері жұмысқа қабылданатын әрбір маман үшін фармацевтикалық өнеркәсіп, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер саласында оқыту жүргізеді. Сонымен қатар, өндіріс ошағы С.Д. Асфендияров атындағы медицина университетімен шарт жасасты. Осылайша оқу орнының түлектері Қытайда біліктілігін арттыру бойынша тағылымдамадан өтіп, білімдерін шыңдайды.
- Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинациялау қалай жүргізіледі
- Атырауда коронавирус жұқтырғандардың дені – Теңіз кенішінің жұмысшылары
- COVID-19 жұқтыру жағдайлары көбінесе алдын алу шараларын елемеуден - дәрігер
- Алматыда 100 отбасыға цифрлық телеарна қабылдайтын ресивер тегін беріледі
-
Алматыда жылу энергиясының тарифі қымбаттамайды
-
Алматыда әлеуметтік қызметтер үйі ашылады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам