Отандық бизнесті қолдау үшін 1 трлн теңге бөлінеді - Президент

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын қаржыландыру көлемі артып, отандық бизнесті қолдау үшін 1 трлн теңге бөлінеді. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

«Коронавирустан зардап шеккен шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында Ұлттық банкке Қаржы нарығын реттеу агенттігімен бірлесіп шағын және орта кәсіп иелерінің айналым капиталы үшін 8% мөлшерлеме бойынша 1 жыл мерзімге 600 млрд тг сомаға жеңілдетілген несие беруді тапсырамын» деп жазды Президенті.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы отандық бизнесті қолдау үшін 1 трлн теңге бөлінетінін атап өтті.

«Ұлттық банк қарыз алушыға қаражатты берудің нақты тәсілін ұсынуға міндетті. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын қаржыландыру көлемі артып, отандық бизнесті қолдау үшін 1 трлн теңге бөлінеді. Үкімет бұл қаражаттың мақсатқа сай игерілуіне жауап береді» деп жазылған хабарламада.


Соңғы жаңалықтар