Отандық бизнес жемқорлықпен күресуге дайын ба - сауалнама

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылы тәуелсіз халықаралық ұйым жүргізген әлеуметтік сауалнамаға сәйкес, кәсіпкерлердің 11,8% сыбайлас жемқорлықтың проблеманы тез шешуге көмектесетінін мойындаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сауалнамаға қатысқандардың 25% сыбайлас жемқорлық мәселесі туындаған кезде уәкілетті органмен ынтымақтастыққа дайын еместігін білдірді»,-деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан бойынша департаменті превенция басқармасының басшысы Марат Хайруллин «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының елодалық филиалында өткен кездесуде.

Ол мемлекеттік органдарға жүгінген кезде кәсіпкерлерді сыбайлас жемқорлыққа итермелейтін бірнеше себепті атады.

Ол дегеніміз - бюрократиялық рәсімдер, нормативтік-құқықтық актілердегі олқылықтар мен коллизиялар, лауазымды тұлғалардың қызмет бабын жосықсыз өнім берушілер үшін пайдалануы, тағы сол сияқтылар.

«Жоғарыда айтылғандардың бәрі тұрақты сыбайлас жемқорлық схемаларын қалыптастыруға ықпал етеді», - деді М.Хайруллин.

Оның мәліметінше, биыл жыл басынан бері департамент сыбайлас жемқорлыққа қарсы 7 мониторинг және жергілікті атқарушы органдар қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 2 сыртқы талдау жүргізді.

Атқарылған жұмыс аясында құрылыс, білім, тұрғын үй, кәсіпкерлік, денсаулық сақтау, көлік, салық және кеден салалары қамтылған. Нәтижесінде 86 ұсыным әзірленді.


Соңғы жаңалықтар