USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Отандық 9 өндіріс орны тәулігіне 490 мың дана медициналық маска шығарады

2020 жылғы 11 шілде 12:40
Бөлісіңіз:
Отандық 9 өндіріс орны тәулігіне 490 мың дана медициналық маска шығарады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау жүйесіне жарты жылда қажетті маска көлемі - 111,2 миллион дана. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дәрілік заттарды, медициналық өнімдерді және өкпені жасанды желдету аппараттарын отандық өндіру туралы брифингіде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Денсаулық сақтау жүйесіне жарты жылда қажетті маска көлемі - 111,2 миллион дана. Осы қажеттілікті өтеу мақсатында өндіріс көлемі арттырылды және 4 өндіріс орны қосылып, нәтижесінде бір тәулікте шығарылатын медициналық маска мен профилактикалық қорғайтын маска саны 1,1 миллионға жеткен.

«70 тігін тігу кәсіпорындарына осындай қиын кезеңде шетте қалмай, маска тіккендері үшін алғыс айтамын. «Azala Textile» ЖШС дәке шығаратын 9 станокты іске қосып, дәке шығару көлемін 8 есеге арттырды. Тігін тігу кәсіпорындарына арнап тәулігіне 1,2 метрден бастар 10 мың метр дәке шығарады», - дейді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов.

Оның айтуынша, ТЖ кезінде аталған ЖШС тігін тігу кәсіпорындарын тығыздығы аз мақтадан тоқылған матамен қамтамасыз еткен.

«Фармацевтикалық және тігін тігу кәсіпорындарының ұйымшыл жұмысының арқасында медициналық және профилактикалық қорғану маскасы тәулігіне 1 миллион данадан астам шығарылатын болды», - дейді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT