Отандастарымыздың басым бөлігі Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болуын дұрыс деп санайды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Мұндай көзқарасты MediaNet Халықаралық журналистика орталығы жанындағы «Demoscope» қоғамдық пікірге экспресс-мониторинг жүргізу бюросы жүргізген сауалнамаға қатысушылардың 68%-ы білдірді.

Қазақстанның ЕАЭО-ға мүше болуының жағымды жақтарын анықтауда респонденттер тауардың сапасы жақсарып, нарықтағы бәсекелестік нәтижесінде баға төмендейді (20%), отандық өндірушілер тауарларының нарықтағы өтімділігі артады (13%) және ҚР азаматтары үшін үлкен мүмкіндіктер ашылады (14%) деген жауаптарды таңдады.

17%-ы ЕАЭО-ға мүше болуды Ресей, Беларусь және болашақта одаққа мүше болатын елдер арасындағы экономикалық интеграцияға үлкен мүмкіндік деп есептейді.

Бұл пікірге респонденттердің 5,5%-ы қарсы. Олар Қазақстанның бұл одаққа мүше болуы ел экономикасы үшін тиімсіз екенін айтпағанда, Қазақстанның тәуелсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін дейді.

Олардың көпшілігі Қазақстан одаққа мүше өзге елдерге тәуелді болуы мүмкін. Ол біздің экономикалық жағдайымызға тиімсіз (11%), отандық өндірушілер тауарлары үшін бәсекелестік күшейеді (8%), өзге елдермен тауар айналым төмендейді. Нәтижесінде, өнімдерінің бағасы қымбаттайды (11%) деп санайды екен.

Ал, респонденттердің 7,5%-ы ЕАЭО экономиканың жеке салаларының дамуына пайдасын тигізуі мүмкін. Алайда, қарапайым азаматтар үшін ешқандай пайдасы жоқ деп есептейді.

Респонденттердің қалған бөлігі (13,5%) БАҚ-та жарияланған ЕАЭО-ның болашағы жайлы жағымды ақпараттарға сенгендіктен, бейтарап пікірді ұстанады. Ал, сауалнамаға қатысқандардың 13%-ы «маған бәрібір» деген жауапты таңдады.

Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың көп бөлігі (84%) Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болғаны жайлы хабардар. Қалған 16%-ы бұл жайлы естімеген және мұндай жаңалықтарға мүлде қызықпайды.

Айта кетерлігі, сауалнамаға Астана, Алматы қалалары мен Қазақстанның 14 облыс орталығынан 16 жастан асқан 1600 адам қатысты.

Соңғы жаңалықтар