Отандастарымызды ортақ заңға бағынуға шақырамын – Сенат депутаты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Сенатының депутаты Қанатбек Сафинов елдегі қазіргі жағдайға қатысты пікір білдіріп, халықты сабырға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қауіпсіздік кеңесінде қолданыстағы заң аясында шұғыл шаралар қабылданды. Нәтижесінде елімізде терроризмге қарсы операция өтіп жатыр. Сондай-ақ, қолданыстағы халықаралық келісімшартқа сәйкес, біздің мемлекет көрші, дос елдердің көмегіне жүгініп, қолданады. Конституцияға сәйкес Мемлекет басшысы қазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті. Ал сенаторлар ҚР Конституциясы мен заңдары аясында Президент қабылдаған барлық шешімді толық қолдайды. Осы орайда өз атымнан отандастарымызды ортақ заңға бағынуға шақырамын. Себебі халық үніне құлақ асатын мемлекет қағидасына сай қабылдап жатқан Мемлекет басшысының шешімі мәселені шешуге бағытталған», - деді Қанатбек Сафинов.

Сондай-ақ, халық қалаулысы елдегі жағдай таяуда реттеліп, кінәлілер тиісті жазасын алатындығына үміттенді.


Соңғы жаңалықтар