Отандастарымды Тәуелсіздік тарихы туралы айтар сөздеріне ықтиятты болуға шақырамын - Тоқаев
2022 жылғы 23 маусым 16:07

Отандастарымды Тәуелсіздік тарихы туралы айтар сөздеріне ықтиятты болуға шақырамын - Тоқаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған салтанатты жиында тәуелсіздік тарихын жоққа шығарып, пікір айтатын отандастарына үндеу тастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өте тұрақсыз, үдемелі дамып жатқан әлемде заң мен әдеп нормаларын биік ұстаған ел ғана қуатты, егеменді ұлт мәртебесін сақтап қала алады. Бүгінде қоғамда біздің кешегі өткенімізге қатысты кесіп айтып, баға беру бар. Бірақ біздің Тәуелсіздік дәуірінің айтарлықтай жетістіктерін сызып тастауға хақымыз жоқ. Өз тарихын, көшбасшыларын жоққа шығарған халықтың келешегі де болмайтынын ұмытпау маңызды. Сондықтан отандастарымызды айтар сөздеріне ықтиятты әрі объективті болуға шақырамын», - деді Президент.

Мемлекет басшысы Жаңа Қазақстан құқық талаптарын қатаң сақтағанда ғана құрылуы мүмкін екенін еске салды.

«Адамдардың әділдікке, мемлекеттің тиімділігіне сенуі көп жағдайда құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсібилігі мен тиімді жұмысына байланысты...

Өкінішке қарай, құқық қорғау органдарына деген ел сенімі соншалықты жоғары емес. Полиция тарапынан жіберілген жекелеген әділетсіз, немқұрайды жағдайлар, тіпті кейде кездесетін Ішкі істер министрлігінің қызметіне көлеңке түсіреді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған салтанатты жиында сөз сөйледі.



Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

MURAǴAT