«Отандастар Қорының» байланыс орталығы шағымдар қабылдай бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Отандастар Қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының байланыс орталығы мемлекеттік органдар мен барлық деңгейдегі басқармалардың жұмысы бойынша шағымдар мен ұсыныстар қабылдай бастады. Бұл туралы ҚазАқпарат Қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Еске сала кетейік, биыл 22 сәуірде отандастар мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы іске қосылған болатын. Байланыс орталығы отандастарға мемлекеттік қызмет көрсету, «оралман» мәртебесін және Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, әлеуметтік төлемдер мен жеңілдіктер, мемлекеттік көмек және тағы басқа мәселелер бойынша жедел көмек беруді жүзеге асырады.

«Байланыс орталығы мемлекеттік органдар мен барлық деңгейдегі басқармалардың жұмысы бойынша шағымдар мен ұсыныстар қабылдай бастады. Мемлекеттік қызметтерді сапасыз көрсету және уәкілетті тұлғалар тарапынан салғырт қарау жағдайлары туралы дереу хабарлауыңызды сұраймыз. Жоғарыда көрсетілгендей шағымдар мен ұсыныстар өтініш келіп түскен мекемелердің бірінші басшыларына, сондай-ақ осындай сипаттағы өтініштерді қарауға жауапты уәкілетті органға жіберілетін болады», - делінген баспасөз баянында.

Бірыңғай байланыс орталығына мына нөмірлер бойынша хабарласуға болады:

- 1404 (барлық қазақстандық мобильді операторларға қоңырау шалу тегін);

- 8 800 080 14 04 (Қазақстан бойынша қалалық нөмірлерден қоңырау шелу тегін);

- +7 7172 98 14 04 (қоңыраулар қалалық нөмірлерден Қазақстан бойынша тегін, шетелден шетелдік байланыс операторларының тарифі бойынша алынады);

- +7 701 000 14 04 (WathsApp және Telegram хабарламалары үшін);

- E-mail: [email protected]

- Skype: [email protected]

Соңғы жаңалықтар