Отандастар қоры шетелдегі қазақ балаларына ана тілін үйретуді бастады

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Отандастар қоры» КеАҚ шетелде тұратын қандас балаларға қазақ тілін үйрету мақсатында «Достар алаңы» жобасын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомствоның мәліметінше, ж оба әлемнің әр елінде тұратын қаракөз ұл-қыздармен ана тілімізде тілдесіп, өзара әңгімелесу арқылы қазақша сөйлейтін орта қалыптастыруды мақсат етеді.

«Жоба аясында қ азақша сөз саптап, сөйлем құрауды үйрету; а ты-жөнінен бастап, ата-тегін дұрыс айту, ұлттық салт-дәстүр мен ұлы тұлғалар туралы әсерлі әңгімесу; қ ызықты тақырыптар таңдап, әлемді бірге танып-білу; о нлайн форматта күнделікті байланысқа шығып, тіл байлығын бірге арттырумен қатар, жаңа достар табу жұмыстары қолға алынады. Ал, «Достықта шекара жоқ!» - деп жазды «Отандастар қоры«.

Қор шетелдік қандас балаларға ана тілімізді үйрету үшін мектеп жасындағы ұл-қыздар мен ұлтжанды волонтёр жастарды жобаға атсалысуға шақырады. Толығырақ +7 778 552 8116 байланыс нөмірінен білуге болады.


Фото: depositphotos.com




Соңғы жаңалықтар