+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

«Отандастар Қоры» Достық үйлерінен қандастарды қабылдау бөлмесін ашуды ұсынды

2019 жылғы 28 қараша 12:13
Бөлісіңіз:
«Отандастар Қоры» Достық үйлерінен қандастарды қабылдау бөлмесін ашуды ұсынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Отандастар қоры» КЕАҚ облыстардағы Достық үйлерінен қандастарға арналған қоғамдық қабылдау бөлмелерін ашуды ұсынды. Бұл туралы бүгін «Отандастар. Болашаққа бағдар» атты халықаралық дөңгелек үстел барысында Қордың бірінші вице-президенті Талғат Адуов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Т.Адуовтың айтуынша, шет елдегі отандастар мен қазақ мәдени орталықтарын қолдау мақсатында шекаралық облыстармен меморандумдарға қол қою арқылы шет елдердегі қазақ мәдени орталықтарына қамқорлық жасау қолға алынған. Сонымен қатар, «Отандастар Қорының» барлық облыстарда қандастарға қоғамдық қабылдау жүргізетін маманы бар. Алайда, арнайы қоғамдық қабылдау бөлмелері жоқ.

«Осы ретте елге оралған қандастарға қоғамдық қабылдауды сапалы деңгейде өткізу үшін облыс басшыларынан «Қазақстан халқы Ассамблеясы» бағдарламасы бойынша құрылған «Достық үйлерінен» дербес орын беруді сұраймыз. Екіншіден, облыстық әкімдіктердің ақпарат тақталарында және ресми сайттарында байланыс орталығының жұмысы жайында ақпарат орналастыру туралы хат осы жылдың қыркүйек айында жіберілді. Алайда оған 205 аудандық және облыстық әкімдіктердің осы уақытқа дейін тек 9-ы ғана жауап берді. Осы мәселені ескере отырып, жергілікті атқарушы органдардан ақпараттық жұмыстарды жүйелі жүргізуге нақты қолдау көрсетуін сұраймыз», - деді ол.

Оның айтуынша, қандастардың құжаттарын облыстық қоғамдық ұйымдардың арнайы аудармашылары аударады.

«Сондықтан ол құжаттарды Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы облыстық филиалдарының басшылары растағаны дұрыс. Біздің ендігі басты міндетіміз - шет елдердегі қандастар туралы жинақталған мәліметтерді жүйелеп, қосымша зерттеулер жүргізіп, ғылыми негізде тұжырымдау», - деді ол.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT