«Отандастар қоры» дипломатиялық корпус және халықаралық ұйым өкілдерімен кездесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Отандастар қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген шетелдік дипломатиялық өкілдіктер және халықаралық ұйымдардың өкілдерімен онлайн кездесу өткізді.

Кездесу барысында «Отандастар қоры» вице-президенті Мағауия Сарбасов қоғам мақсат-міндеттеріне және қызметіне тоқталып, алдағы уақытта шетелдік мәдени-гуманитарлық ұйымдармен ынтымақтастықты нығайту жолындағы жоспарын бөлісті.

Іс-шара аясында ҚР Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен орыс және қазақ тілдерінде жарық көрген «Диаспоралық қоғамдастықтардың өзара іс-қимылы мен оларды қолдаудың халықаралық тәжірибесі» атты кітап - ақпарат анықтамалығының таныстырылымы өтті.

Кітапта көші-қон және халықтың қоныстануы мәселелерімен айналысатын халықаралық, өңірлік халықаралық ұйымдардың негізгі құрылымдары мен қызметі туралы ақпарат ұсынылған, диаспоралық саясаттың халықаралық тәжірибесі, этникалық, мәдени және көшіп келушілер ұйымдарымен ынтымақтастығы қарастырылады, олардың ресми мекенжайы, байланыстары көрсетіледі.

Анықтамалыққа білім саласындағы ұлттық, этникалық, діни және тілдік азшылықтардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша халықаралық заңнамалық, нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ көші-қон және көші-қон саясаты, этникалық қазақтарды тарихи отанына қайтару және басқа мәселелер бойынша ҚР нормативтік-құқықтық актілері енгізілді.

Анықтамалық мемлекеттік қызметшілерге, дипломаттарға, студенттерге, зерттеушілерге, сондай-ақ халықаралық қатынастар, сыртқы және диаспоралық саясат мәселелеріне қызығушылық танытқан барша оқырманға арналған.


Соңғы жаңалықтар