Осымен үшінші күн доллар арзандап, теңге нығайып жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Таңертеңгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 4 қараша кешімен салыстырғанда 0,47 теңгеге құлдырап, 1 доллары 431,67 теңгені құрады.

Ұлттық банктің 5 қарашадағы ресми бағамы – 1 долларға 432, 12 теңге.

Айта кетейік, АҚШ доллары осымен үш күн қатарынан арзандап жатыр .


Соңғы жаңалықтар