Осыдан тура 7 жыл бұрын 27 желтоқсан қаралы күн болып жарияланған еді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Елімізде осыдан тура 7 жыл бұрын дәл бүгінгі 27 желтоқсан - аза тұту күні болып жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2012 жыл. 25 желтоқсан. Шекара қызметінің басшылары мінген әскери Ан-72 ұшағы апатқа ұшырады. Талқандалған техникадан тірі жан аман қалмады. Борттағы 27 адамның барлығы опат болды. Әуе кемесі бұрынғы Оңтүстік Қазақстан, қазіргі Түркістан облысының Сайрам ауданына құлаған болатын. Оқиға куәгерлері ұшақ құлаған кезде жарылыс болып, өрт содан кейін басталғанын жеткізген еді.

2013 жыл. 29 қаңтар. Көкшетаудан Алматыға ұшқан «Скат» әуе компаниясының жолаушылар ұшағы тура Алматы маңында апатқа ұшырады. Борттағы 21 адамның барлығы көз жұмды. Әуе кемесінің діттеген жеріне жетуіне сол сәтте санаулы минуттар ғана қалған еді. Куәгерлердің айтуынша, апаттың қатты болғаны сонша, марқұмдардың денесі бірнеше бөлшекке бөлініп кеткен. Сол сәтте әуежайдан туыстарын күтіп алуға келген жақындары туыстарының денесін даладан іздеуге мәжбүр болған еді.

2016 жыл. 28 қаңтар. Алматы облысында Үшаралдан Талдықорғанға науқас баланы жеткізбек болған санавиация тікұшағы апатқа ұшырады. Борттағы бес адамның барлығы мерт болып, олардың денесі 15 сағаттық іздеуден соң ғана табылған болатын. Бұл апатқа «Аспан» әуе компаниясының өкілі қылмыстық кодекстің 344 бабының 3 тармағы бойынша кінәлі болып танылып, оған 4 жылға басбостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

2019 жыл 28 наурыз. Қызылорда облысында әскери тікұшақ апатқа ұшырап, борттағы 13 адамның бәрі қаза тапты. Айта кетейік, «Бек Эйр» әуе компаниясына тиесілі ұшақтың бірі 2016 жылы Астана әуежайында шассиі ашылмай қалып, апатты жағдайда қонған болатын. Сол сәтте бортта 121 адам болған.

Соңғы жаңалықтар