Осыдан 10 күн бұрын жоғалған СҚО тұрғыны әлі табылмады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында полицейлер, волонтерлер және ауыл тұрғындары 8 мамырдан бері табылмаған Сергей Багинскийді іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 57 жастағы Сергей Владимирович Багинский Тайынша ауданы Келлеровка елді мекенінің тұрғыны. 8 мамыр күні оның туыстары полицияға жүгініп, хабарсыз кеткенін айтқан.

Іздеу шаралары нәтиже бермегендіктен, тәртіп сақшылары әлеуметтік желі арқылы көмек сұраған болатын. Нәтижесінде іздеу шараларына қатысуға волонтерлер, белсенділер, мұғалімдер, өрт сөндірушілер, жергілікті әкімдік қызметкерлері – барлығы 25 адам тілек білдірді. Олар полицияның жеке құрамымен бірге іздеуге шықты.

«Lider.kz» волонтерлік қозғалысы әлеуметтік желіде Сергей Багинскийдің фотосуретін жариялады. Ер адамның бойы - шамамен 165 см, арықша келген, шашы мен мұрты ағарған. Сол күні үстінде қара күртеше мен бас киім болған.

Жалпы, СҚО-да полицейлер биыл хабарсыз кеткен 141 адамға іздеу жариялап, оның 138-ін тапты.



Айта кетсек, Алматыда егде жастағы әйелдерді тонаған ер адам ұсталды.
Соңғы жаңалықтар