Осы жексенбіде түлектер ҰБТ тапсыра бастайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық бірыңғай тестілеу 21 маусымда басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.

«Алғашқы күні ҰБТ-ны тек 6,5 мың адам тапсырады. Талапкерлер дезинфекциялаудың 5 кезеңінен өтеді. Санитарлық шаралар күшейтілді» деп мәлім етті ведомстводан.

Бір аудиторияда орта есеппен 18 адам болады.

Аудитория тек 35% дейін толтырылады.

Министрліктің мәліметінше, ҰБТ барысын онлайн бақылауға болады.


Соңғы жаңалықтар