Осы жазда Қазақстанда 38 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде жаз айларында 38 мыңнан астам жас-жұбай отау тікті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанда жаз айларында 38 мыңнан астам жұп өз қарым-қатынасын заңдастырды. Жас жұбайлардың басым бөлігі той үшін тамыз айын таңдаған. Жаздың соңғы айында үйленгендердің саны 15,3 мың жұпты құрады.

2021 жылдың сәйкес айларында 39,7 мыңнан астам жұптың некесі қиылды. Өткен жылы, керісінше, шілде айында отасқандардың саны көп болды – 14 мыңнан астам неке», - делінген ақпаратта.

Мәлім етілгендей, жаз айларында некеге тұру көрсеткіші бойынша Алматы мен Астана қалалары және Түркістан облысы алдыңғы орында тұр.

Жалпы жазда қалалық жерлерде 10,6 мың неке, ауылдық жерлерде 4,6 мың неке қиылған.


Соңғы жаңалықтар