Осы уақытта екі өңірдегі трассалар жабық тұр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат –Ауа райының бұзылуына байланысты осы уақытта екі өңірде автожол учаскелері жабық тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.

12 ақпан сағат 11:40-тағы жағдай бойынша көліктің барлық түрі үшін мына жол учаскелерінде жол қозғалысына тыйым салынған:

Жамбыл облысында:

«Алматы-Ташкент-Термез» тасжолының Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейінгі аралығы;

Түркістан облысында:

«Алматы-Ташкент-Термез» тасжолының Жамбыл облысының шекарасынан Машат ауылына дейінгі аралығы.

Еске салайық, кеше Жамбыл облысында бораннан жолда қалған 68 адам құтқарылған болатын. Өңірде жедел желі іске қосылды.

Кейін Шымкент-Тараз бағытында жолдың ашылуын күтіп тұрған көліктер арнайы техниканың және жергілікті полицияның сүйемелдеуімен қозғалысын жалғастырды.


Соңғы жаңалықтар