«Осы сөзің үшін жауап бересің»: Өскемен әкімі желі қолданушысымен келісімге келді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар Instagram желісіндегі жазбасына пікір қалдырған қала тұрғынына «Осы сөзің үшін жауап бересің» деп хабарлама жіберген еді. Енді шаһар басшысы мен желі қолданушысы ортақ тіл тауып, келісімге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Sandra_ouz бүркеншік есімді азамат Өскемен қаласы әкімінің «осы сөзің үшін жауап бересің» деп жазғанын скриншотқа түсіріп желіге жариялаған. Оның жазуынша, танысының сыни пікіріне қатысты қала басшысы осындай хабарлама жіберген.

Көп ұзамай Жақсылық Омар не себепті солай жазғанын түсіндірген болатын.

«Мені қала басшысы ретінде екіжүзді деп айыптау қорлық деп санаймын. Әрине, өзімнің ар-намысыма тиген мұндай дәлелсіз сөзді елеусіз қалдыра алмаймын», - деген еді ол.

Енді шаһар басшысы мен желі қолданушысы кездесіп, ортақ мәмілеге келді.

«Өскемен қаласының әкімі мен азаматтық қоғам белсендісі арасындағы бұл оқиға татуласумен аяқталды. Жазбаға пікір қалдырған @sanko999 бүркеншік есімді желі қолданушысы мен Жақсылық Омар сөйлесіп, ортақ тіл тапты. Олар бір жағынан билікті сынаудың қажеттігін, екінші жағынан сынның орынды және жеке басқа қатысты болмауына келісті», - деді Өскемен қаласы әкімінің кеңесшісі Әлібек Тұрсымбетов.


Соңғы жаңалықтар