+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Осы дағдарыстан кейін медицина, білім беру, цифрландыру салаларын жандандыруға басымдық беріледі - Мәулен Әшімбаев

2020 жылғы 4 сәуір 16:20
Бөлісіңіз:
Осы дағдарыстан кейін медицина, білім беру, цифрландыру салаларын жандандыруға басымдық беріледі - Мәулен Әшімбаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Facebook-тегі парақшасында бүкіл әлемді жайлаған коронавирус пандемиясына қатысты ойымен бөлісті. Сондай-ақ, осы індетпен күресіп жатқан қазақ елін сын сағатта жұдырықтай жұмылуға, бірлік танытуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде Кавасаки тәрізді синдромға шалдыққан екі бала емделіп жатыр Пневмонияға шалдыққандардың барлығы ПТР тест тапсырды ма – Вице-министр жауабы Алексей Цой коронавирус турасында: Елде дүрбелең жоқ

«Қазір бүкіл əлеммен бірге біздің еліміз де сын-сағатын бастан өткеруде. Бұл тығырықтан шығу үшін Мемлекет басшысы ауқымды шаралар қабылдағанын білесіздер. Олар негізінен індетпен күресуге жəне халық пен бизнесті қолдауға арналып отыр. Соған сəйкес орталықта жəне өңірлерде тиісті жұмыстар қолға алынды. Алдағы уақытта оның бəрі оң нəтиже беретініне ешқандай күмəн жоқ. Сондықтан бізге дәл қазір сабыр сақтау керек. Біз бұдан да қиын кезеңдерде сағы сынбаған халықпыз. Өткен ғасырдың өзінде алапат аштық пен дүние жүзін шарпыған сұм соғыстан аман өттік. Соның бəрін аталарымыз ынтымақ пен төзімнің арқасында еңсерді. Қандай қиын-қыстау кез болса да бірлігіміз бен берекемізге еш сызат түсірген жоқ. Қайта сүрінгенге сүйеу, құлағанға демеу болып, жұдырықтай жұмыла білді» деп жазды ол.

Мәулен Әшімбаев қазір де дəл солай бірігуіміз қажет екенін, сындарлы сəтте байбалам салмай, қайта ұлт болып ұйысуды ойлауымыз керегін айтып өтті.

«Қазір де дəл солай бірігуіміз қажет. Бүгінмен ғана емес, болашақты ойлап өмір сүрейік. Мемлекет ешкімді аш-жалаңаш қалдырмайды. Президентіміздің тапсырмасымен мұқтаж азаматтардың бəріне көмек көрсетіледі. Тек шыдамдылық танытқан жөн. Қашан да жоққа сабыр, барға қанағат еткен халық едік қой. Сол құндылықтарымызды жоғалтпайық. Осындай сындарлы сəтте жаға жыртыспай, байбалам салмай, қайта ұлт болып ұйысуды, ортақ іске жұмылуды ойлайық. Тəуелсіздіктің, елдіктің қадір-қасиетіне мəн берейік» деп жазды Мәулен Сағатханұлы.

Қолдау шараларын жүзеге асыру кезінде техникалық ақаулардың болғанын тілге тиек етті. Алдағы уақытта ондай олқылықтардың қайталанбауы үшін жаңа ресурстар іске қосылып жатқанын да атап өтті.

Одан бөлек, Мәулен Әшімбаев пандемиядан кейін бүкіл әлемде үлкен өзгеріс болады деп бағамдады.

«Осы дағдарыстан кейін кейбір басымдықтардың өзгеретіні түсінікті. Тіпті бүкіл əлем дамудың жаңа кезеңіне қадам басады десек те артық емес. Сол сәтте бізге осалдық танытуға болмайды. Осындай кезде əлсіз тұстарымыз да көрініп жатыр. Соларды жетілдіруіміз керек. Соның бəрін ескеріп, Мемлекет басшысы медицина, білім беру, цифрландыру салаларын дамыту үшін нақты міндеттер жүктеп отыр. Яғни, дағдарыстан кейін осы бағыттарды жандандыруға басымдық беріледі. Экономиканы əртараптандыруға ерекше көңіл бөлінеді. Президент бұдан басқа да нақты жұмыстарды қолға алуды тапсырды. Соның бəрі өз жемісін беру үшін бірлігімізді күшейтейік», - дейді ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары.

Сондай-ақ, Мәулен Әшімбаев халықты сын сәттен сынбай, лайықты еңсере білуге, бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай болып, Президентіміздің қасына топтасуға шақырды.

«Халқымыз «көппен көрген – ұлы той» дейді. Бұл сынақпен тек біз емес, бүкіл жаһан жұрты бетпе-бет келіп отыр. Сондықтан еңсемізді түсірмейік, ел екенімізді естен шығармайық. Қандай дүрбелең болса да мойымай, морт сынбай, лайықты еңсере білейік. Біз – рухы мықты халпықпыз. Азаматтарымыздың кешегідей əнұран шырқап, бекем бірліктің озық үлгісін көрсетуі соған дəлел. Еліміздің барлық өңірінде белсенділік танытып жүрген волонтерлердің де ерен еңбегін елеусіз қалдыруға болмайды. Арамызда өз еркімен əскерге барғысы келетіндердің де қатары қалың екені қуантады. Ендеше, қазіргідей қиын шақта бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай болып, Президентіміздің қасына топтасайық. Сонда осы сынақтан сүрінбей өтіп, көздеген мақсаттарымызға қол жеткіземіз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, Қазақ елі мəңгі жасасын!» деп түйді сөзін ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ербол Жанат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT