Осы айда Байқоңырдан екінші «Протон-М» ұшырылды

None
None
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - 29 қыркүйекте Астана уақытымен сағат 00:52-де  Байқоңыр айлағындағы 200-алаңнан қытайлық «АзияСат-9» жерсерігімен «Протон-М» зымыран тасығышы сәтті ұшырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазғарыштың ғарыш айлағындағы және жерүсті қызметтері ұшырылымның сәтті өткендігін жедел хабарлады. «Протон-М» зымыранының бірінші, екінші және үшінші бөліктері Қазақстанның Қарағанды облысы, Ресейдің Алтай өлкесі және Тынық мұхиттағы белгіленген аудандарға құлады.
«Бриз-М» үдеткіш блогының құрамындағы басты блок және «АзияСат-9» ғарыш аппараты ұшырылымның 582 секундында ажырады. Ары қарай қытайлық жерсерікті белгіленген орбитаға жеткізу «Бриз-М» үдеткіш блогының бесінші қосылуы кезінде  жүргізіледі.

«АзиаСат-9» аппаратының геостационарлық орбитаға орналасуы ұшырылғаннан соң тоғыз сағаттан кейін жүзеге асырылады деп күтілуде.

Бұрын хабарланғандай, ресейлік ауыр «Протон-М» зымыранын әзірлеу және ұшыруға қазақстандық мамандар да қатысты. «Протон-М» зымыраны жыл басынан бері Байқоңыр айлағынан төрт рет ғарышқа аттандырылды, бұл - қыркүйек айындағы екінші ұшырылым. 

Соңғы жаңалықтар