Осы аптада Үкімет басшысы мен оның орынбасарларының қатысуымен бірқатар ведомстволардың алқа мәжілісі өтеді

None
None
АСТАНА. 4 ақпан. ҚазАқпарат - 8 ақпанда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Серік Ахметов Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мен Қаржы министрлігінің алқа отырыстарына қатысады.

Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

Бұдан бөлек, осы аптада Үкімет басшысының орынбасары Ербол Орынбаев Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің алқа отырыстарына қатысады.

Соңғы жаңалықтар