Осы аптада Солтүстік Қазақстанда қар жауады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында осы аптада жауын-шашын түсіп, жел соғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазгидромет» РМК бөлімшесінің ақпараты бойынша, дүйсенбі, 15 сәуірде өңірде күндіз жаңбыр жауып, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-шығыстан жел соғып, оның бағыты солтүстік-батысқа ауысады және жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с-ке жетуі мүмкін. Термометр бағаны 5 градус жылы болады.

16 сәуірде түнде қар, күндіз жаңбыр жауады. Кей жерлерге тұман түсіп, көктайғақ болады. Түнде температура 0-5 градус, кей жерлерде 8 градус аяз болады. Күндіз 5-10 градусқа жылы болуы ықтимал.

Сәрсенбі, 17 сәуірде түнде және күндіз жауын-шашын жауады. Кей жерлерге тұман, бұршақ түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Ауа температурасы 0-5 градус жылы болады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, 18-19 сәуірде түнде қар жаууы ықтимал. Кей жерлерге тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел өз бағытын өзгертпейді. Түнде температура 0-5 градус аяз болады. Күндіз 0-5 градусқа дейін жылы болуы мүмкін.

Автор: Олеся Жуковень

Соңғы жаңалықтар