+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Осы аптада елордадағы күзгі жәрмеңкелер маусымы аяқталады

2019 жылғы 17 қазан 07:31
Бөлісіңіз:
Осы аптада елордадағы күзгі жәрмеңкелер маусымы аяқталады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 19-20 қазан күндері Нұр-сұлтан қаласындағы күзгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымы аяқталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Сапарбаев Көкшетауда өткен азық-түлік жәрмеңкесін аралап көрді Арыс қаласында «Алтын күз–2019» жәрмеңкесі өтті Тараздағы жәрмеңкеде 54 тоннаға жуық өнім сатылды

Елордадағы өңірлік ауылшаруашылық жәрмеңкелерін Ақмола мен Солтүстік Қазақстан облысы аяқтайды.

Ауа-райының қолайсыздығына, сонымен қатар астық жинаудың жалғасуына байланысты Ақмола облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі 26-27 қазанынан 19-20 қазанына ауыстырылады. Бұл күні екі өңір - Солтүстік Қазақстан облысы мен Ақмола облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі бірге өтеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл осы жылдың соңғы өңірлік жәрмеңкесі болмақ.

Айта кетерлігі, күзгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусым- тамыз айының соңында басталды. Жәрмеңкеге барлығы 12 облыс қатысты. аталған жәрмеңкеге өңірлер 3,5 мың тоннадан астам түрлі өнімдер әкелініп, елорда базарларындағы бағадан 10-15 пайыз төмен бағамен сатылды. Еске сала кетсек, алдағы демалыс күндері ақмолалықтар елордаға 520 тоннадан астам азық-түлік жеткізеді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT