Ослода жүргізушісіз электр автобусы іске қосылды

None
None
ОСЛО. ҚазАқпарат - Ослода 11 орындық жүргізушісіз автобус іске қосылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Салтанатты рәсімге қатысқан Норвегия астанасының мэрі Марианна Борген аталған көлік құралы сәтті пайдаланылған жағдайда кеңейтілуі жоспарланып отырған пилоттық жоба екенін атап өтті.

Тағы бір ерекшелігі - көлік құралы электронды. Әзірге электр автобусының қозғалысын жолаушыларға қызмет көрсететін маман бағыттап отырады, қажет болған жағдайда ол көлікті жүргізуге дайын болады.

Бұған дейін мұндай жоба елдің оңтүстігінде сыннан өткен болатын. Онда автобустар жолаушыларды 2 км қашықтыққа тасымалдады.

Автор: Илияс Омаров

Соңғы жаңалықтар