Өскенбаев: Жаңа электролиз және мыс балқыту зауытын салу мәселесі пысықталуда

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде жаңа электролиз және мыс балқыту зауытын салу мәселесі пысықталып жатыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Негізгі металдарға әлемдік сұраныс өсуде. Елімізде бүгінгі күні экспортқа бағытталған сазбалшық және мыс концентраты бойынша үлкен шикізат әлеуеті бар Қазір ел ішінде өндірілетін барлық сазбалшық мен мыс концентратын өңдейтін жаңа электролиз және мыс балқыту зауытын құру мәселесін пысықтап жатырмыз», - деді министр.

Оның атап өтуінше, аталған зауыттар бастапқы металдар өндірісінің көлемін ұлғайтуға, орта және ұзақмерзімді перспективада отандық қайта өңдеушілер шикізатының қажетті көлемімен қамтамасыз етуге және оларды өткізуден түсетін экспорттық пайданы ұлғайтуға мүмкіндік береді.

«Жұмыс қорытындысы бойынша осы жылдың мамыр айында Үкіметке жаңа өңдеу өндірістерін құруды ынталандыру бойынша нақты іс-шаралар кешені енгізіледі», - деді Қайырбек Өскенбаев.


Соңғы жаңалықтар