Өскеменнің төтенше жағдай қызметіне жаңа басшы келді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемен қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасына жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Андрей Андрейко бұған дейін Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінде бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызмет басқармасының тізгінін ұстап келген болатын.

Алматы облысының тумасы  төтенше жағдайлар саласында 1995 жылдан бері істейді.

 2009-2016 жылдар аралығында Өскемен қалалық ТЖ басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.

2017 жылдың мамыр айында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызмет басқармасының басшысы қызметіне тағайындалған. 

Андрей Андрейко I, II, III дәрежелі «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» медальдерімен мараптталған.

Соңғы жаңалықтар