Өскеменнің іргесінен тағы бір елдімекен бой көтереді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемен қаласындағы Шығыс ауылының қарама-қарсы тұсынан 1 мың үйге шақталған тағы бір тұрғын аудан бой көтереді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мереке күндері жаңа елді мекеннің жобасымен облыс әкімі Даниал Ахметов танысып қайтты. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бой көтеретін тұрғын ауданға алғашқы лекте 54 жекеменшік үй салынады. Бір айдың ішінде олардың тағаны түзіліп үлгерген. Енді іргетасын құю жұмыстары қызып жатыр.

«54 үйдің 31-і 80 шаршы метрлік баспана болмақ. Қалғандары - 100 және 130 шаршы метр. Келер жылдың ортасына дейін 54 үйдің кілтін табыстауымыз қажет. Оларды халық «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы «7-20-25» бағдарламасы бойынша сатып алады» - дейді «Восток Строй» компаниясының директоры Әділет Бордатқанов.

null  Қызыл кірпіштен қаланып, сырты декоративті кірпішпен өрілетін баспаналардың бір шаршы метрі 120 мың теңге болатыны болжануда.  Орталықтандырылған жылу жүйесінен алыс болғандықтан, үй иесі өз күшімен жылытуы тиіс.

Қыстың көзі қырауда басталған жобаның аяқ алысы облыс әкімінің көңілінен шықты.null

«№28 тұрғын ауданда әуелі 54 үй салынады. Барлық үй Елбасы тапсырмасына сәйкес, «7-20-25» бағдарламасы  бойынша сатылады. Сол арқылы өзіміздегі ішкі сұранысты толық жабамыз. 2019 жылы осы аумақта 5 мың шаршы метр баспана пайда болады деген сөз. Қаржы жеткілікті, мердігер сенімді. Инфрақұрылым да жуықта дайын болады» - деді әкім.

Алғашқы 54 үйдің құрылысына көзделген жалпы сома - 600 млн теңге.

Соңғы жаңалықтар