Өскеменнің екі тұрғыны көпірден секірмек болған әйелді құтқарды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласының екі тұрғыны көпірден секірмек болған әйелді құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 1966 жылғы әйел көпірден өзенге секіріп, өмірін өлімге қимақ болған. Құтқарушылар оқиға орнына қайықпен шықты.

«Сол маңайдан көлікпен өтіп бара жатқан Дидар Адиков көпірдің жақтауында тұрған әйелді байқап қалған. Бірден тоқтап, оған көмекке ұмтылды. Суицидтің алдын алуға көмектескен тағы бір азамат болды. Екеуі әйелді полиция қызметкерлеріне тапсырды», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Дидар Адиков «УК ТМК» АҚ-да краншы болып жұмыс істейді. Ал екінші адам көмек көрсеткен соң өз деректерін қалдырмай, «Газель» автокөлігімен кетіп қалған.


Соңғы жаңалықтар