Өскеменнің бірнеше ауданы жарық пен сусыз қалды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде қосалқы стансаның істен шығуы салдарынан 6 бірдей ауданның тұрғындары жарық пен сусыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін сағат 14.35-те Солтүстік Атаман және Төменгі Согра су бөгендерінде энергия беру тоқтатылған. Оған қосалқы стансаның істен шығуы себеп болған.

«Защита, Гавань, Бабкина Мельница аудандары мен Согра кенті суық сусыз қалды. Қосалқы станса іске қосылып жатыр. Екі сағаттың ішінде жарық түгел беріледі. Жарық берілген соң суық су да беріледі, - дейді Өскемен қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Әлібек Түрсімбетов.

Соңғы жаңалықтар