+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 385.16 EUR 425.95
RUB 6.01 CNY 54.51
Jańalyqtar

Өскеменнің атты полиция взводы жоғалған малды иесіне қайтарды

2019 жылғы 17 тамыз 04:17
Бөлісіңіз:
Өскеменнің атты полиция взводы жоғалған малды иесіне қайтарды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - 14 тамызда Өскемен қалалық Полиция басқармасының «102» нөміріне қала тұрғыны хабарласып, ауласынан 8 бас ірі қара жоғалғанын жеткізген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Сүт импортын кеміту тұтынушылардың құқығын шектегенмен бірдей - «Сапа» бірлестігі Халық өткізетін сүттің 90 пайызына сенім жоқ - Сүт одағы Ауыл ішіне малын бос жібергендерге айыппұл салынды - Павлодар

Жәбірленушінің айтуынша, 10 тамыз күні күйеуі малды өріске шығару үшін қораға барып, малының жоқтығын көрген. Қораның есігі ашық әрі бос тұрыпты. Өз күшімен іздемек болып жан-жақты қарастырғанмен жоғалған мал табылмаған соң полицияға хабарлауға тура келген.

«Қоңырауды қабылдаған полиция қызметкерлері бірден қимылдап, жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Іздестіру барысында Өскемен қалалық Полиция басқармасының патрульдік полиция батальонына қарасты атты взвод қызметкерлері 5 күн бойы табылмаған ірі қараларды тауып, иесіне табыстады. Таудан асып жайылған сиырлар біршама алыстап кеткен болып шықты», - деп хабарлайды ШҚО Полиция департаментінен.

Шұғыл іздестіру шараларына қылмыстық полиция қызметкерлері де ат салысқан. Таулы-орманды, кей жерлері астықты алқап болғандықтан іздеу жұмыстары біршама қиындық туғызған көрінеді.

«Алайда атқа мінген сақшылардың қырағылығының арқасында жоғалған мал аман-есен табылды», - дейді Өскемен қаласы Полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны кавалерия взводы командирінің орынбасары Ернар Адылханов.

Еске сала кетсек, осы жылдың сәуір айынан бастап Өскемен қаласында атты полиция взводы өз жұмысын бастаған. Олардың негізгі міндеті - саяжай аумағында, қала сыртында болатын құқық бұзушылықтың немесе қылмыстың алдын алу.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Аударма:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT