+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

Өскеменнен Қызылордаға келіп, қаңғыбас болып кеткен әйел аман-есен табылды

2020 жылғы 23 қараша 03:00
Бөлісіңіз:
Өскеменнен Қызылордаға келіп, қаңғыбас болып кеткен әйел аман-есен табылды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Полицейлер тамыз айынан бері хабарсыз кеткен өскемендік әйелдің Қызылордада қаңғыбастыққа салынғанын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Павлодарда баласын далаға тастап, қашып кеткен әйелге қылмыстық іс қозғалды БҚО-да қыстақтан шыққан тұрғын адасып кеткен Павлодар облысында екі жеңіл көлік соқтығысып, жүргізушілері мерт болды

Өскемендік әйелдің Қызылорда қаласындағы сауда үйінің бірінде жүргені белгілі болды. Тексеру барысында 1984 жылы дүниеге келген азаматшаның Өскемен қаласында тұратыны нақтыланды. Ол тамыз айында үйінен шығып кеткен. Содан бері туысқандарынан хабарсыз қалған. Алдымен Ақтөбе қаласында аспазшы болып істеген азаматша көп ұзамай жұмыстан шығып қалған. Содан кейін Қызылорда қаласына келген. Жеке құжаттарын жоғалтып, ішімдікке салынып кеткен.

«Соңғы күндерде Қызылордада күн ызғарлы болып тұр. Полицейлер тоңып қалған азаматшаны дереу полиция пунктіне жеткізді. Ол қалалық әлеуметтік бейімдеу орталығында тамақ және қажетті медициналық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілді. Полиция қызметкерлері өскемендік әріптестерімен байланысқа шығып із-түзсіз жоғалған әйелдің аман-есен табылғанын хабарлады. Жақын арада әйелдің туыстары келіп үйіне алып қайтады», - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қызылорда қалалық басқармасы облыс орталығында «Қаңғыбас» іс-шарасын өткізуде. Шара аясында учаскелік полиция инспекторлары қиын жағдайға ұшыраған азаматтарға көмек көрсетуде.

Естеріңізге сала кетелік, Қызылордада қаңғыбастыққа салынған адамдарға көмек көрсетілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT