Өскеменге жаңа трамвайлар сатып алынады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында жаңа трамвайлар қатынайтын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімі Жақсылық Омардың мәліметіне сүйенсек, келесі жылы жаңа трамвайлар сатып алынады. Олар «Өскемен көлік компаниясы» ЖШС-ның қарамағына берілмек.

«Бұл трамвай паркінің жылжымалы құрамын кезең-кезеңімен жаңартуға жасалған алғашқы қадам болып отыр. Жаңа қоғамдық көліктер мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да ыңғайлы болады. Сондай-ақ олар қыста салондағы жылуды күшейтетін климаттық бақылау қондырғыларымен жабдықталады», - деді қала басшысы.

Бұдан бөлек, келесі жылы көлік жүргізушілеріне ыңғайлы болу үшін 40 оң жақ бұрылыс жасалады. Осының нәтижесінде көлік кептелісі азайтылмақ.


Соңғы жаңалықтар