Өскеменге Австрия елінің бизнес делегациясы келіп жетті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемен қаласына екі күндік сапармен Штирия федералдық жерінің (Австрия) кәсіпкерлер делегациясы келіп жетті.

ҚР-дың Австрия еліндегі құрметті консулы, профессор Гюнтер Небель басқарған австриялық делегацияның құрамында Штирия федералдық жері Парламентінің президенті Франц Майден, сондай-ақ Штирия экономикалық палатасының өкілдері - экономикалық мәселелер департаментінің басшысы доктор Стефан Пилц және инвестицияларды тарту департаментінің басшысы Клаудия Вэйрингер болды.

Қазақстанның шығыс аймағына делегация сапарының негізгі мақсаты - екі мемлекет арасындағы экономика, ауыл шаруашылығы және туризм салаларындағы серіктестік байланыстарды орнату.

Таяуда австриялық делегацияның мүшелері облыстық ауруханаға, онкологиялық диспансер, Ана мен бала орталығы, жылыжай шаруашылығы, шаруа қожалығы, «Нұртау» туристік базасына барды. Бүгін сондай-ақ тағы бірқатар кәсіпорындарға барып, кездесулер өткізу жоспарланған. Соның арасында ШҚО кәсіпкерлер палатасының мүшелері мен облыс басшылығымен кездесу бар.

Сондай-ақ, екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылмақ.

Соңғы жаңалықтар