Өскеменге Алматы мен Нұр-Сұлтаннан пойыз күн сайын қатынайтын болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан Өскеменге қатынайтын пойыздардың жиілігі артады. Бұл туралы ҚазАқпарат «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР Ведомствоаралық комиссиясының 2021 жылғы 16 маусымдағы шешіміне және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2021 жылғы 18 маусымдағы хатына сәйкес келесі жолаушылар пойыздарының жүру жиілігі артады:

23 маусымнан бастап №68/67 «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Өскемен-1» пойызы аптасына 1 рет қатынаудың орнына күн сайын жүретін болады.

№351/352 «Алматы-2 – Өскемен-1» күнара қатынаудың орнына күн сайын қатынайтын болады.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша барлық өзекті ақпаратты «105» нөмірі бойынша, Bilet.railways.kz сайтынан және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ аккаунттарынан алуға болады.

Соңғы жаңалықтар