08:41, 22 Ақпан 2020 | GMT +6
Өскемендіктерге апта сайын тегін заңгерлік кеңес берілмек
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласындағы «Antikor ortalyǵy» сервистік орталығында аптасына бір рет тұрғындарға тегін заңгерлік кеңес беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті таратқан мәліметке сүйенсек, «Antikor ortalyǵy» ғимаратында әр сенбі сайын сағат 10.00-13.00 аралығында «Adal komek» акциясы өтеді.
«Мұндағы мақсат – дүйім жұртқа тегін құқықтық кеңес беру. Кез келген сұрақтар бойынша 8(7232)29-88-29 немесе 1424 нөміріне хабарласуға болады», - деп хабарлады департамент мамандары.
«Antikor ortalyǵy» сервистік орталығы Лихарев көшесі, 2Б мекенжайында орналасқан.