Өскемендіктердің шаштарынан улы заттар табылды

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Ғалымдар Өскемен қаласындағы қоршаған орта жағдайына баға беру үшін қала тұрғындарының шашын зерттеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ресейдегі Томск мемлекеттік университетінің сайтына сілтеме жасап. 

Талдау нәтижелері көрсеткендей, өскемендіктердің шашында жоғары мөлшерде титан концентраты, қорғасын және бірнеше ауыр металдардың түрлері анықталған.

null 

Университетте жасалған зерттеуге химия факультеті қызметкерлерінің авторлық әдістемелері қолданылған. 

«Біздің зерттеу 18-70 жас аралығындағы әйел және ер азаматтардың шаштарына жасалды. Шаштың  құрамы адамға әсер ететін жоғары мөлшердегі химиялық элементтердің қоспаларын жақсы көрсетеді. Талдау нәтижелері қала тұрғындарының шашынан титан, алюминий, марганец, литий, кальций және барий элементтерін көрсетті-дейді ғалым Владимир Отмахов.

null 

Айта кетсек, Өскемендегі ең үлкен токсинді тұман 1990 жылы қаладағы бериллий өндірісіндегі өртке байланысты шығарылған болатын.

Соңғы жаңалықтар