Өскемендіктер V Азия ойындарының жеңімпазы Айбек Нұғымаровты қарсы алды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Астанада өткен «Әлем Барысы-2017» турнирінің жеңімпазы Айбек Нұғымаровты қарсы алу үшін Өскемен әуежайына қалың жұрт жиналды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қазақ күресінен өткен «Әлем Барысы-2017» әлемдік турнирінде жеңіске жетіп, Ашхабадта жауынгерлік өнер түрлері бойынша жабық ғимараттағы V Азия ойындарында алтын медаль иеленген Айбек шығысқазақстандықтардың мақтанышына айналды.

Айбек Нұғымаров - түйе балуан және қазақ күресінің шебері, ауыр салмақта халықаралық деңгейдегі спорт шебері, қазақ күресінен Қазақстан чемпионы. Ол Абай ауданының Құндызды ауылында дүниеге келген. Қазақ күресінен екі дүркін әлем чемпионы (2008, 2010), Азия чемпионы (2008), Әлем Кубогының иегері (2011), спорттың осы түрінен өткен көптеген чемпионаттардың жүлдегері, жеңімпазы. Сондай-ақ самбо бойынша Қазақстан Республикасының чемпионы (2012), «Қазақстан Барысы» турнирінің жеңімпазы (2013), қазақ күресінен әлемнің абсолюттік чемпионы (2017).

Айбек «Әлем барысы-2017» турнирінде дзюдодан Еуропа чемпионы грузин спортшысы Гурам Тушишвилиді мерзімінен бұрын тізе бүктіріп, жеңіске жетсе, V Азия ойындарында қырғызстандық Тілек Қуаловтан басым түсіп, құрама қоржынына өзінің алтын үлесін қосты.

 

Соңғы жаңалықтар