Өскемендіктер қоқысқа толы жағажайда суға түсіп жүр

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменнің шет жағында орналасқан «Земснаряды»  немесе ел аузында «Қазаншұңқыр» деп аталатын жағажай қазір қараусыз қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Altaynews-ке сілтеме жасап.

Кезінде бұл жер ел ағылып жатқан, үлкен жағажайлардың бірі болатын. Бүгінде ол ресми түрде суға түсетін орындардың қатарына жатқызылмайды. Дегенмен, қараусыз қалса да, мұнда әлі де демалушылар азаятын емес.

Жағажай несімен танымал? Демалушылардың айтуынша, бұл жер шомылуға өте ыңғайлы. Жағасы тегіс, ағысы баяу, суы жылы. Бірақ жағажай кейіпінен мүлде айырылыпты.

-Тым болмаса қоқысты жинап тұрса, - дейді демалушылар.

Қала тұрғындарының айтуынша, мұндағы қоқыс шомылу маусымы басталғалы бері жиналмаған. Демалушылардың көптігіне байланысты қоқыс та тау-тау болып үйіліп қалыпты. Қойылған контейнерлерден асып, төгіліп жатыр. Үйілген қоқыстың жағаны да, суды да антисантарлық күйге түсіретіні айтпаса да белгілі.  Тек қоқыс қана емес, жағада шашылған әйнектің сынықтары да адам өміріне қауіп төндіреді.

Соңғы жаңалықтар