Өскемендіктен «1916 жыл» деген нақыштамалы «Бебут» қанжары тәркіленді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - 46 жастағы өскемендік қарудың түр-түрін жасырып келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері заңсыз сақталған қаруларды тәркілеген. Белгісіз адамның тіркелмеген атыс қаруын асынып жүргені туралы хабарды естіген сақшылар 46 жастағы тұрғынның үйінен бірнеше қару тапқан. Тінту кезінде бір ойық ұңғылы винтовка, екі тегіс ұңғылы атыс қаруы, 16-калибрлі патрондар табылған.

Криминалистика мамандары барлық қару қолданысқа жарамды деген тұжырымға келіп отыр.

Үйден атыс қаруларынан бөлек «1916 жыл» деген нақыштамасы бар «Бебут» қанжары, екі кездік табылды. Мамандар суық қаруларды да зерттеуге алды.
null 

Осы іске байланысты Қылмыстық кодекстің 287-бабының 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі текесеру жүргізілмек. Қарудың шығу тарихы мен сақталу мақсаты анықталатын болады.

Айта кетейік, былтыр Шығыс Қазақстанда заңсыз сақталған 200 қару тәркіленген. Оның 20-сы ойық ұңғылы болса, 141-і тегіс ұңғылы болған.

null null 

Соңғы жаңалықтар