Өскемендік жігітті «серіктестері» сазға отырғызып кетті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – 32 жастағы Өскеменнің тұрғыны таныстарымен бірге кәсіп ашамын деп, 1 млн теңгесінен айырылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

31 және 32 жастағы таныстарына сенген тұрғын металл сынықтарын қабылдайтын орын ашу үшін серіктестеріне 1 млн 30 мың теңгені ұстатып қоя берген. Ол екеуі ақша қолдарына тиген күні-ақ хабарсыз кеткен.

«Өскемен қалалық полиция басқармасына 32 жастағы тұрғын келіп, өзінің екі танысына алданып қалғанын хабарлады. Жедел іздестіру шараларының арқасында облыс орталығының 2 тұрғыны ұсталды. Екеуі де кінәларын толық мойындады», - дейді ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің басшысы Айгерім Нұрғазина.

Қазір күдіктілерге қарсы ҚР қылмыстық кодексінің 190 бабының 2 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар