+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

Өскемендік жігіт оңтүстіктің 6 аудан әкімін алдап кетті

2018 жылғы 5 ақпан 13:42
Бөлісіңіз:
Өскемендік жігіт оңтүстіктің 6 аудан әкімін алдап кетті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Өскемен қаласының тұрғыны ОҚО-ның аудан әкімдерінен алаяқтық жолмен миллион теңгені алып кеткен. Бұл туралы Әл-Фараби аудандық сотының судьясы Сәбит Төреханов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Істі қарап жатқан судьяның айтуынша, алаяқтық қылмысын жасады деп қамауға алынған күдікті бұрынғы футболшы болған. Ол бұған дейін де алаяқтық қылмысы үшін жауапкершілікке тартылған екен.

Сот барысында анықталғандай, 25 жастағы жігіттің алаяқтық әрекет жасамас бұрын ашық ақпарат көздері мен мемлекеттік органдардың сайтынан аудан әкімдерінің аты-жөндерін, сол аудандардың ең өзекті деген әлеуметтік мәселелерін әбден зерттеп алған. Ашық түрде алты әкімге хабарласып, өзін «Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің қызметкерімін» деп таныстырады. Сөйтіп аудан басшыларынан қайырымдылық шараға деп әрқайсынан миллион теңгеден қаржы алған.

Тергеу барысында соңғы аудан әкімі облыс әкімдігіне хабарласып, сондай қызметкер жұмыс істей ме деп сұрап алыпты. Сол кезде ғана жігіттің алаяқтық қылмыспен айналысып жүргені анықталған. Ол құзырлы органдармен ұсталып, сол күні ақ қамауға алынған. Қазір Әл-Фараби аудандық сотында алаяқтық әрекет жасаған деген айыпталушыға қатысты алғашқы сот отырысы өтті.

Келесі сот процесі осы аптаның соңына жоспарланған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT