Өскемендік желаяқ халықаралық көрмеге 1 мың шақырым жүріп келді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өскеменнен Астанаға жаяу жол тартқан Ғалымжан Тоқтарұлы бүгін сағат 10:00-де ЭКСПО-2017 көрмесіне табан тіреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Желаяқты, Астанадан жанкүйерлері мен журналистер қауымы күтіп алды. Әлем көз тіккен Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесін қолдау мақсатында 1 000 шақырымнан астам жолды артқа тастаған өскемендік мәреге 16 күнде жетіпті. «Межелеген уақытта Астанаға жеткеніме қуаныштымын. Бәрі ойдағыдай жүзеге асты. Алғашқы күндері аяғым аурып, сіресіп дегендей қиындықтар болды. Біртіндеп үйреніп кеттім. Кейде далада, кейде құдайы қонақ болып жолдағы ауылдарға қонып отырдық. Күніне 60-80 шақырым жол жүріп отыруға тура келді. Бұл еңбегімді елімізді әлемге танытатын үлкен шараға қосқан азда болса үлесім деп білемін», - дейді Ғалымжан Тоқтарұлы.
Естеріңізге сала кетсек, Ол «ЭКСПО-2017» көрмесінің құрметіне орай Астанаға дейін жаяу жүгіріп бару үшін 26 мамыр күні жолға шыққан . Ғалымжан Тоқтар Өскемен қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталығында инспектор болып жұмыс істейді.
Ол 6 маусымда Екібастұзға жетіп , тұрғындарды қаланың 60 жылдық мерейтойымен құттықтады.

2

3 
null

Соңғы жаңалықтар