Өскемендік полицей қызметтік көлігін жеке шаруасына пайдаланған

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Қызметтік көлігін жеке шаруасына пайдаланған полицией жұрттың көзіне түсіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш видео әлеуметтік желіні шулатты. Одан сақшының көлігіне қарт әйел мен баланы қызметтік көлікке отырып жатқанын көруге болады.

Әлеуметтік желідегі шуға облыстық ішкі істер департаменті де назар аударып, полицейдің кім екенін анықтады.

«Жұмыстан тыс уақытта қызметтік көлікті падалануға тыйым салынған. Ал бұз қызметкер елдің назарына түскі сағат 13.00 кезінде түскені белгілі болды. Видео кейіпкерін анықтап, түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Жіберген олқылығы үшін ол тәртіптік жауапкершілікке тартылды» - деді ІІД баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар