Өскемендік кәсіпкер сотталған 20 азаматты жұмысқа қабылдады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында сотталған 20 азамат жергілікті ЖШС-лардың біріне қаптаушы және бөлшектеп өлшеуші болып жұмысқа орналастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 156/22 мекемесінің қызметкерлері сотталғандардың жұмысқа орналасуына көмек көрсетті. Енді олар қаладағы ірі ЖШС-лардың бірінде қаптаушы және бөлшектеп өлшеуші болып еңбек етіп, табыс табады.

Жүргізілген талдау көрсеткендей, қайтадан қылмыс жасайтындардың басым бөлігі – тұрақты жұмыс орнын таппағандар. Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында облыстың қылмыстық-атқару жүйесі департаменті тарапынан тиісті шаралар атқарылуда.

«Сотталғандарды жұмысқа орналастыру колония мен пробация қызметкерлерінің негізгі міндеттерінің бірі. Мәселен, таяуда Өскемендегі компаниямен ынтымақтастық аясында сотталғандарды жұмысқа орналастыру туралы келісім жасалған. Бүгінгі таңда 20 сотталған азамат жұмыспен қамтылды. Олар енді ай сайын жалақы алып, пайда табады», - делінген ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар