Өскемендік экологтар полиэтилен пакеттен бас тартпақ

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Экологиялық қауіпсіздік орталығы ШҚО Экология департаментінің қолдауымен «Жасыл кеңсе» акциясын жариялап, қызметкерлер бір апта бойы пластик пакетті пайдаланудан бас тартады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі
Ұйымдастырушылардың айтуынша, сарапшылар экологиялық зиянды полиэтиленсіз «күн көруге» болатынын өз қолдырамен тесеріп, Өскемен қаласы тұрғындарына пластикалық қалдықтарды азайту идеясын насихаттамақ. Экологтар бір апта бойы эко сөмкелер, биологиялық ыдырайтын немесе қағаздан жасалған пакеттер ұстамақ.
«Полиэтилен пакеттер, бір рет қана қолданылатын пластик бұйымдар заманауи адамдар үшін таңсық дүние емес, бірақ оның қоршаған ортаға зияны ұшан-теңіз екеніне ешкім мән бермейді. Мұндай пакеттер ыдырау үшін 400 жыл уақыт керек, ол уақыт аралығында ол ауаға зиянды заттар бөліп, әртүрлі дерттердің тууына себеп болады», - дейді Экологиялық қауіпсіздік орталығының маманы Елена Полянцева.
Өскемен қаласында жыл бойы 100-150 миллион полиэтилен пакет пен қап қоқысқа тасталады. Қарапайым тілмен түсіндіргенде, ол 20-40 вагонга тиелген қоқыспен тең.
«Біз ойлана келе осындай шешімге келдік: біреуге бірдеңе үйретпес бұрын өзіңнен бастау керек. Акция қалай өтіп жатқанын, қандай нәтиже болғанын, алдағы уақытта ескеретін жайттар туралы әлеуметтік желілердегі парақшамызда жариялап отырамыз», - дейді маман.
- Қазақстанның төрт қаласында ауа сапасы нашарлайды
- Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы нашарлайды
- Шығыс Қазақстанда асыл тұқымды мал тиелген көлік жолдан шығып кетті
- Қапшағайда 300 келі балықты заңсыз аулаған браконьерлер ұсталды
-
Тараздық экономист мамандығын ауыстырып, бүркіт баптап жүр
-
2 млн адамның қолы жиналды: Олжас Сүлейменов полигон жабылған күнді еске алды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам