Өскемендік бүлдіршіндер құбырға тұрып қалған кірпіні құтқарды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өскемендік бүлдіршіндер құбырға кептетіліп қалған кірпіні құтқаруға көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірлік төтенше жағдайлар департаментіне Өскемен қаласының Сәтпаев даңғылы бойындағы құбырға кірпі тұрып қалғаны туралы қоңырау түскен. Бұл хабарлама жануардың жағдайына алаңдаушылық білдіріп, мейірімділік танытқан бір топ балалардан түскен.

Оқиға орнына жеткен қызметкерлер арнайы қолғап арқылы кіріпні құбырдан шығарып алған. Кейін жануар табиғат аясына қайта жіберілген.


Соңғы жаңалықтар