Өскемендік «Altay Athletics» клубының атлеттері Чехияда топ жарды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемендік «Altay Athletics» кәсіби спорт клубының спортшылары Чехияда өткен IAAF сериясының V турында топ жарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Чехияның Острава қаласында өткен әлемдік IAAF сериясының GoldenSpike сайысында өскемендік спортшылар екі мәрте тұғырдан көрінді.

«Шараға IAAF президенті  Себастьян Коэн қатысты. Ол 1500 м қашықтықта екі дүркін Олимпиада чемпионы. Танымал маманның алдында «Altay Athletics» клубының қыздары Нора Джеруто мен Каролин Кипкируй керемет өнер көрсетті. 3000 м қашықтықты кедергілермен жүгіруде Нора Джеруто 9:11.33 уақытымен ешкімге дес бермеді. Бұл көрсеткіш Острава қаласының су жаңа рекорды болып бекіді. Ал екінші спортшымыз командаласына 12 секунд есе жіберіп, мәре сызығын үшінші болып кесті. Қорытындысында қазақстандық желаяқ 9:23.70 уақытымен қола  жүлдегер атанды» - дейді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқа Можанов.

null

Соңғы жаңалықтар