Өскемендегі зообақта баланың саусағын қасқыр тістеп алды

2023 жылғы 15 наурыз, 19:49
Өскемендегі зообақта баланың саусағын қасқыр тістеп алды Ашық көздерден алынған фото

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласындағы зообақта баланың саусағын қасқыр тістеп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Өскемендегі Сол жағалау саябағында орналасқан зообақта болды. Баланың әкесі бірден полицияға шағым түсірген.

«Ер адамның айтуынша, 10 жасар қызы торға қолын сұққанда қасқыр саусағын тістеп алды. Оған бұл оқиғада қандай да бір әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылық жоқтығы түсіндірілді. Арызданушы полицияның шешімімен келіспеген жағдайда сотқа жүгінуге құқылы», - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кету керек, хайуанаттар бағында келушілер үшін белгілі бір тәртіп ережелері бекітілген. Соған сәйкес, жыртқыш аңдар тұрған торға өтуге болмайды. Бақта тиісті ескерту белгілері де қойылған.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar