Өскемендегі жылу электр орталығының директоры үйлердің қашан жылынатынын айтты

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласындағы жылу электр орталығының директоры үйлердің қашан жылынатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жылу электр орталығынан мәлім еткендей, қазіргі таңда 8 қазандық және 8 турбоагрегат жұмыс істеп тұр.

«Үйлердің суытуына №15 қазандықтың қысқа мерзімді істен шығуы, желілік су температурасының төмендеуі және қатты аяз себеп болған. Қазір аталған қазандық қалыпты режимде жұмыс істеуде. Екі күннің ішінде қала тұрғындарының үйлері қайта жылынады деп айтуға болады», - дейді «Өскемен ЖЭО» АҚ директоры Айдын Бексұлтан.

Еске салсақ, 27 қарашада Өскемендегі жылу электр орталығынан ақау шыққан болатын. Соның салдарынан үйлерде жылу азайып, халықтың наразылығын туғызған.


Соңғы жаңалықтар